Алматыда Hayat-Vax және CoronaVac вакцинасы таусылды – Табынбаев
Алматыда Hayat-Vax және CoronaVac вакцинасы таусылды – Табынбаев
Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
395
оқылды

Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев хабарлады.

Оның айтуынша, қалада Sputnik V вакцинасына бар. Hayat-Vax және CoronaVac таусылды. Алматыда соңғы кездері науқастар саны 2,5 есе өсті. Жалпы науқастар саны он күнде 50-ден 121-ге дейін, яғни, 2,4 есеге көбейді. Бүгінгі таңда БМСК және Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 3 255 пациент бар. Ауруханалар мен үйде 40 жасқа дейінгі науқастар саны да күрт өсті.

Бұған дейін Президенттің вакцинацияға қатысты тапсырма бергенін жазған болатынбыз.