Әлем жұртшылығы асыға күтетін төртжылдықтың басты додасында белгілі бір спорт түрінен жүлделі орындарға ие болып жүрген елдерге қай кезде де спорт жанкүйерінің көзқарасы ерекше. Токио Олимпиадасы қарсаңында атаулы жарыс түрін өзіне мешіктеп алған елдерге, қолайына келетін сайыстан алдына қара салмайтын спортшыларға аз-кем тоқталуды жөн көрдік.
Басқасы-басқа, медаль саны жағынан жазғы Олимпиада ойындарында АҚШ жеке-дара көш бастап келеді. АҚШ атлеттері жазғы Олимпиада тарихында 2 500-нан аса медаль жеңіп алған, оның 1 000-нан астамы – алтын жүлде. Бұл, әрине аталған мемлекеттің ірі спорттық держава екенін анық көрсетеді. Аталған елде Олимпиадада бірнеше жүлде алып, өз құрамаларын алға сүйреп жүрген спортшылар да жетерлік. Солардың бірі – Майкл Фелпс. Ол – Олимпиада тарихында ең көп жүлде алған және чемпион атанған спортшы. Америкалық жүзгіш жазғы Олимпиада ойындарында барлығы 28 медаль жеңіп алған, оның 23-і – алтын. Бұл спортшының рекордын жаңарту үшін жүзгіштерге әлі неше Олимпиадаға қатысу қажет болар екен? Бұл да жанкүйерлер үшін қызық. Ал әйелдер арасында КСРО сапында сынға түскен Лариса Латынина Олимпиада ойындарында спорттық гимнастикадан 18 медальге ие болған, оның 9-ы – алтын жүлде.Басқасы-басқа, медаль саны жағынан жазғы Олимпиада ойындарында АҚШ жеке-дара көш бастап келеді. АҚШ атлеттері жазғы Олимпиада тарихында 2 500-нан аса медаль жеңіп алған, оның 1 000-нан астамы алтын жүлде. Бұл, әрине аталған мемлекеттің ірі спорттық держава екенін анық көрсетеді.
Садақ атуға келер болсақ, осы спорт түрінен Оңтүстік Корея өзінің мықтылығын әр жарыс сайын көрсетуден танбай келеді. Олар Токио Олимпиадасында да дәстүрден жаңылмай, алтын жүлдені ешкімге бермеді. Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер арасындағы жарыс аяқталды. Басты жүлдені Оңтүстік Корея спортшылары Ким Чжэ Док, Ким У Джин және О Джин Хёкпен еншіледі. Олар ақтық сында қытайлық Тайбэй өкілдерін 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Олимпиада ойындарында алтынға жету жолында Оңтүстік Корея Үндістанды (6: 0) және Жапонияны (5:4) жеңгенін айта кетейік. Сондай-ақ садақ атудан Оңтүстік Кореяның әйелдер ұлттық құрамасы да финалда ROC командасын 6:0 есебімен жеңіп, Олимпиаданың алтын медалін мойындарына тақты. Ал үстел теннисінен әлем үздігі саналатын Қытай спортшылары осы спорт түрінен мықтылардың алдыңғы шебінде келеді. Олар әр Олимпиада сайын аталған жарыс түрінен жүлдеге ілінеді. Ол елдегі үстел теннисінің жоғары қарқында дамығанын, Қытай Супер лигасының әлемдегі танымал лигалардың санатында екенін білдірсе керек-ті.– Үстел теннисінен Қытайдың мерейі үстем. 1988 жылдан бастап, Жазғы Олимпиада ойындарының қатарына кірген аталған спорт түрінен Қытай Токио Олимпиадасына дейін 28 алтын алып үлгерген. Бұл жолы бұл көрсеткіш жақсара түседі. Тағы бір қызық ақпарат айта кетейін, Рио Олимпиадасында үстел теннисінен бақ сынаған 172 спортшының 44-і қытайлықтар болған. Мұның өзі бұл спорт түрінен кімнің үздік екенін аңғартса керек. Бір қызығы, 1991 жылы Тибада (Жапония) өткен әлем чемпионатында Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея спортшылары 22 мәрте өткізілген келіссөздің нәтижесінде бірігіп, үстел теннисінен қыздар арасындағы бәсекеде сенсациялық (финалда Қытайдан басым түсті) түрде жеңімпаз атанды, – дейді спорт шолушысы Қанат Байұзақов.Қандай жарыс болмасын, жүгіруден африкалық желаяқтардың есімдерін жүлдегерлер қатарынан көруге болады. Бұл, тіпті қалыпты үрдіске айналып кеткен. Осы орайда біз Африканы әлемге танытқан ең алғашқы желаяқ туралы баяндамақпыз. 1960 жылы Рим Олимпиадасында Эфиопия өкілі Абебе Бикила 42,195 шақырымды жалаң аяқ жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанған Африканың алғашқы спортшысы екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. Негізі, бұл оқиғаның тарихы да әсерлі. Жарыс жолына шығуы тиіс желаяқ Вам Бират футбол ойнаймын деп аяғын жарақаттап алған. Нәтижесінде, оның орнына Абебе Бикила жарыс жолына шығуға мүмкіндік алады. Сайыс басталар алдында оның аяғына лайық аяқкиім табылмай, Абебе марафонды жалаң аяқ жүгіріп, 2:15,16 көрсеткішпен Олимпиада рекордын жаңартқан. 1964 жылы өткен Жазғы Олимпиада ойындарында да мәре сызығына 2:12:11 уақытта жетіп, алдыңғы додадағы рекордына өзгеріс енгізіп, тағы да жеңімпаз атанады. Өкінішке қарай, ол 1968 жылғы Олимпиада барысында ескі жарақаты сыр беріп, жарыс жолынан шығып қалады. Бірақ бұл спортшының соңынан Эфиопия елінде талай спортшы желаяқтар бәйгесінде топ жарды. Күні бүгінге дейін әйгілі желаяқ Абебе Бикиланың отандастары жарыстан жүлдесіз қайтпаған. Бір ғана Эфиопия желаяқтары қатысқан жазғы Олимпиададан барлығы 54 жүлде (барлығы жеңіл атлетика) жеңіп алған. Басқасы-басқа, біздің елімізде де танымал спорт түрлері санатына кіретін бокс спортынан әр Олимпиада сайын жүлдесіз қайтпайтынымызды отандық жанкүйерлер жақсы біледі. Осы жолы да 4 боксшымыз жүлдегерлер қатарынан көрініп, алтын алып, ел мерейін асқақтатады деген үміттеміз. Күні ертең жарыс жолына шығатын біздің боксшылар да алдыңғы буын ағаларының Олимпиадада көрсеткен ерлігін қайталауға ниетті. Біз де саңлақтарымыздан жүлде күтеміз.
Абылайхан ЖҰМАШ