Головкин желтоқсанға дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін
Головкин желтоқсанға дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін
©prosports.kz
186
оқылды

Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн өзінің екі клиенті – орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Деметриус Андраде арасында бірігу жекпе-жегін ұйымдастыруға мүдделі екенін айтты.

«Деметриуске келсек, оған Геннадий Головкинмен немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек ұйымдастыруға басты назар аударылды. GGG-ге келетін болсақ, ол енді желтоқсанда Риота Муратамен жұдырықтасады. Бірақ менің ойымша, ол оған дейін жекпе-жек өткізгісі келеді», – деді Херн DAZN бокс шоуында.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин – IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпион, WBO нұсқасы бойынша – Деметриус Андраде, WBC бойынша – Джермалл Чарло, WBA Super орта салмақта белбеу иегері – Риота Мурата.