Коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды
Коронавирус пен пневмониядан 123 адам қайтыс болды
©liter.kz
156
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың 7 217 дерегі тіркелді. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 694 476-ға жетті.

16 тамыздағы мәлімет бойынша 119 547 адам коронавирустан емделіп жатыр.

«Олардың ішінде 31 910 пациент стационарда, 87 637 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 937 адамның жағдайы ауыр, 507 пациенттің жағдайы өте ауыр, 228 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған», – деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 123 адам өлімі тіркелді. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша еліміздің бір ғана облысы «қызыл» аймаққа енген жоқ. Түркістан облысы – «жасыл» аймақты. Атап айтар болсақ, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.