Нұр-Сұлтандағы жол апатынан бір адам қаза тапты
Нұр-Сұлтандағы жол апатынан бір адам қаза тапты
©https://newsroom.kz/
263
оқылды

Нұр-Сұлтанда көшенің белгіленбеген жерінде жаяу кесіп өтпек болған азамат қаза тапты. Бұл жайында қаланың Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

16 тамызда 22 сағат 21 минутта 19 жастағы жүргізуші TOYOTA CAMRY маркалы автокөлігін басқарып, Республика даңғылымен келе жатып, 51 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Жаяу жүргінші көшенің белгіленбеген жерін жаяу кесіп өткен. Салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.