Жоғалған бір үйір жылқы иесіне қайтарылды
Жоғалған бір үйір жылқы иесіне қайтарылды
©inform.kz
443
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында полиция қызметкерлері жоғалған бір үйір жылқыны иесіне қайтарды.

Полицияға шаруа қожалығының иесі хабарласып, 46 бас жылқысы ұрланғанын айтқан. Ол бастапқыда жылқыларын бір апта бойы өзі іздеген. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған.

«Тәртіп сақшылары дереу іздестіру жұмыстарына кірісті. Ұрылар малды айдап кетуі мүмкін деген жердің барлығы тексерілді. Нәтижесінде, жылқылар жоғалған жерден 20 шақырымдай қашықтықтан табылды. Қараусыз қалған мал ұзаққа жайылып кеткен», - деді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.