Қор қызметі жайлы есеп берді
Қор қызметі жайлы есеп берді
175
оқылды

Нұрсұлтан Назарбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұң­ғыш Президентіне «Самұрық-Қа­зына» қорының өндірістік жә­не қаржылық көрсеткіштері ту­ралы баяндалды. А.Сәтқалиевтің мәліметі бойын­ша, биылғы 7 айда уран сау­дасында, электр энергиясын өн­діруде, сондай-ақ контейнерлік та­сымалдауда көрсеткіштердің оң қар­қыны байқалып отыр. Елбасына қор тобындағы кә­сіп­орындардағы вакциналау про­цесі мен санитарлық-эпи­де­мио­ло­гиялық қауіпсіздік шаралары тура­лы мәлімет берілді. Кездесу қорытындысы бойын­­­ша «Самұрық-Қазына» ұлт­­­тық әл-ауқат қорын басқару жө­­ніндегі кеңестің Төрағасы бір­қа­­тар нақты тапсырма берді.