Қыркүйекте Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау басталады
Қыркүйекте Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау басталады
©kyzylorda-news.kz
566
оқылды

Биыл қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерде, колледждерде және әскери, арнаулы жоғары оқу орындарында мемлекеттік аттестаттауды енгізу көзделген. Бұл туралы Алматы қаласының білім сапасын қамтамасыз ету Департаментінің басшысы Гүлнәр Ермекбаева мәлімдеді.

Мемлекеттік аттестаттау Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарының сақталуын бақылау және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында профилактикалық бақылау нысанында өткізіледі.

"Мемлекеттік аттестаттау аясында оқушылардың білімдерін бақылау, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы көзделеді", – деді Ермекбаева.

Айтуынша, алдағы бес жыл ішінде барлық балабақша, мектеп, колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс. Бұл үрдіс білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады.