Қылмыстық топ төлем жүйесінен 11 миллион теңге жымқырған
Қылмыстық топ төлем жүйесінен 11 миллион теңге жымқырған
©azattyq-ruhy.kz
472
оқылды

Атырауда төлем жүйесінен 11 миллион теңге жымқырған қылмыстық топ ұсталды.

 Polisia.kz-тің жазуынша, полиция қызметкерлеріне ЖШС-нің қауіпсіздік қызметкері хабарлама берген. Тәртіп сақшылары дереу жедел іс-шара ұйымдастырған. Нәтижесінде, аталған ЖШС-нде бұрын жұмыс істеген қызметкерлер екені анықталды. Олардың бірі қазіргі күнге дейін сол жерде жұмыс істеп, қажетті мәліметтермен бөлісіп отырған.
Тінту кезінде 31 жастағы ер адамның үйінен алты дана төлем терминалы, компьютерлік компоненттер және қосымша перифериялық құрылғылар табылып, тәркіленді. Топ мүшелерінің бірі - төлем жүйесіне кіру парольдерімен қамтамасыз етсе, енді бірі ұрланған ақшаларды өзара бөліп отырған.

«2021 жылдың 21 наурызынан бастап шілденің 4-іне дейінгі аралықта белгісіз тұлғалардың  төлем жүйесінен жалпы сомасы 11 170 000 теңге ұрланған», – дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Деректерге сүйенсек, алты адамнан тұратын қылмыстық топ айласын үш ай бойы іске асырып келген.
Қазір 26-31 жас аралығындағы алты күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер кінәсін толықтай мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.