Алматы облысында әйел көпірден секірмекші болды (видео)
Алматы облысында әйел көпірден секірмекші болды (видео)
©stan.kz
754
оқылды

Алматы облысында әйел көпірден секірмекші болған. Оның бұл әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы облыстық ПД басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.

9 қыркүйекте сағат 5-те Қаскелең қаласындағы "Жер-Ана" базарына іргелес учаскені патрульдеу кезінде патрульдік полиция ротасының командирі мен  ӨКП қызметінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Қаскелең өзенінің бойында көпірден суицид жасамақ болған әйелді байқап қалған.
Ол қолын қоршаудан шығарып, төменге секірмек болған. Полиция оның әрекетін алдын алды.
Қаскелеңнің 36 жастағы тұрғыны мас болған. Өзінің суицидке бармақ болу себебін түсіндіре алмады. Алайда полиция қызметкерлерімен жүргізілген профилактикалық әңгімеден соң ол үйіне қайтарылған.