Жолаушылардың көз алдында терминал тонаған ұры ұсталды
Жолаушылардың көз алдында терминал тонаған ұры ұсталды
Фото: ПД-нен алынды
200
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам сауда үйінің кіреберісінде орнатылған букмекерлік кеңсе терминалын бұзып, шамамен 100 мың теңге алған.

Күдікті өтіп бара жатқан адамдарға қарамастан, терминалдағы құлыпты ашып, қажетті соманы өзінің жеке кабинетіндегі шотына аударған. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

«Видео – күдіктінің кім екенін анықтауға және оның қылмысқа қатысы барын дәлелдейтін айғақ. 34 жастағы С. есімді азамат ұсталды, қамауда отыр. Ер адам қылмысын бірден мойындады. Айғақты заттар тәркіленді», – деді Бостандық аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Батур Абдумасаров.

Тергеу жүріп жатыр.