Коронавирус пен пневмониядан тағы 54 адам көз жұмды
Коронавирус пен пневмониядан тағы 54 адам көз жұмды
Old sick lady lying in hospital bed
186
оқылды

23 қыркүйекте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 54 адам қайтыс болды, — деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

ПТР-анализі расталған (КВИ+) 46 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс (КВИ-) 8 науқас пневмониядан қайтыс болды.

Сонымен қатар, 23 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 200 жағдайы тіркелді. Оған қоса 139 адам емделіп шықты.

25 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 475 адам коронавирус инфекциясынан (55 621 КВИ+ және 8 854 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  • 11 146 пациент стационарда,
  • 53 329 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  •  895 адамның жағдайы ауыр,
  •  230 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  138 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.