Алма баққа кірген жылқыларды атып тастады
Алма баққа кірген жылқыларды атып тастады
Фото: azattyq-ruhy.kz
195
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, өзгенің жылқысын мылтықпен атқан ер адам ұсталды.

Түлкібас аудандық ПБ-ға ауыл тұрғыны арызданды. Жәбірленуші үш жылқысы ауыр жараланғанына шағымданған. Шығын көлемі – 2 миллион теңге. Полицейлер фактіні ҚК-нің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Тексеру нәтижесінде, полицейлер 3 жылқыға оқ атты деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғынын ұстады. Одан аңшы мылтығын тәркіледі.

Жылқылар күдіктінің алма бағына кіріп кетіп, едәуір шығын келтірген. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.