Вакцина алмаған спортшылар 21 күндік карантинге жатады
Вакцина алмаған спортшылар 21 күндік карантинге жатады
188
оқылды

 Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің сайтында жария етілді.

Нұсқаулық спортшылар мен командалардың ресми тұлғаларына, екіншісі БАҚ өкілдерін қоса алғанда, барлық мүдделі тарапқа арналған. Коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен барлық Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиада спортшылары мен қатысушылары Қытайға келгеннен кейін жабық цикл жүйесінде болады. Вакцинациядан өтпеген спортшылар ҚХР астанасына келгеннен кейін 21 күндік карантиннен өтуі керек. Бейжіңге келген спортшылар мен делегациялардың кейбір ресми тұлғаларынан басқа, Олимпиадалық ауылдарда спортшыларды ертіп жүрген Олимпиада ойындарының барлық қатысушысы коронавирусқа қарсы талаптарға сай келетін ұйымдастырушылар бөлген қонақ үйлерде тұрады. Ойындарға қатысушылар мен қызметкерлер күн сайын коронавирусқа қарсы тестілеуден өтеді. «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті пандемияның алдын алу және оған қарсы күрес басқармасы директорының орынбасары Хуан Чунь Ойын қатысушылары жарысты өткізу орындары мен орналастыру нысандары арасында, сондай-ақ жарыстың үш аймағы – Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу арасында еркін жүре алатынын айтты. Бейжіңдегі 2022 жылғы Олимпиадаға қатысушылар денсаулық жағдайын бақылау үшін «My 2022» арнайы мобильді қосымшасын пайдалануы қажет және Қытайға келерден 14 күн бұрын өзінің жағдайы туралы есеп бере бастауы керек.

Еске сала кетейік, Бейжіңдегі Қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан аралығында өтеді.