Қолдан жасалған темекі сатқан
Қолдан жасалған темекі сатқан
549
оқылды

Елімізде «самопал» арақ қана емес, қолдан жасалған темекінің саудасы да өріс­теген. Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды об­лы­сын­да контрабандалық темекі сату дерегінің жолын кесті. Темекі өнімдерінің контрабандасы мемлекетке елеулі зиян келтіретіні белгісі: акцизделетін тауарлардан салық жинау жүйесі зар­дап шегеді.

Контрабанда қоғамға да айтарлықтай шығын келтіреді: біріншіден, заңды шығарылған шылым да адам өмірі мен ден­саулығына қауіпті, ал қайда және қалай жасалғаны беймәлім бұл өнімдердің қаупі одан да зор. Қаржылық мониторинг агенттігі жедел-іздестіру шаралары барысында Қарағанды қаласында шығу тегі белгісіз 670 мыңнан астам қорап темекі өнімін тәркіледі. Қара нарықта бұл тауар 350 миллион теңгеден астам табыс түсірер еді. Тергеу барысында Әзер­бай­жан азаматы басқа тұлға­лармен бірлесіп, Қарағанды облысының аумағында «Космос», «Беломорканал», «Тройка», «Столичные» маркалы темекіні акцизсіз заң­сыз сатқаны анықталды. Заңға қайшы әрекет салдарынан мемлекетке 149 миллион теңге көле­мінде залал келтірілді. Тергеу жалғасады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмеді.

Ерік ЕРДЕНОВ