«Қайрат» сырт алаңда Астананы ірі есеппен жеңді
«Қайрат» сырт алаңда Астананы ірі есеппен жеңді
Фото: Яндекс
241
оқылды
Елордада футболдан Қазақстан кубогының бірінші жартылай финалдық ойыны өтті. Жергілікті «Астана» командасы өз алаңында алматылық «Қайратпен» кездесті. Бұл ойынға алаң иелері сапынан Марин Томасов, Тигран Барсегян, Исламбек Қуат секілді елордалық клубтың көшбасшы ойыншылары түрлі себептерге байланысты қатыса алмады. Соған қарамастан «Астана» футболшылары бірінші таймда «Қайрат» қақпашысы Стас Покатилов қорғаған қақпаға бірнеше рет қауіпті соққы бағыттап, жиі шабуыл ұйымдастырумен болды. Дегенмен кездесудің бірінші бөлігі аяқталар тұста алматылық клубтың қорғаушысы Раде Дугалич есеп ашып, командасын алға шығарды. Сербиялық футболшы бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші жетіп, нысананы дәл көздеді. Екінші таймда Құрбан Бердиевтің командасы басымдығын арттыра түсті. «Қайрат» командасының үздік легионерлерінің бірі Хосе Канте ойынның 67-минутында көзге түсті. Ал қазақстандық шабуылшы Артур Шушеначев 72-минутта есепті еселей түсті. Осылайша «Қайрат» командасы сырт алаңда «Астананы» 3:0 есебімен ойсырата жеңді.