Украиналық танымал футболшы Андрей Шевченко италиялық «Дженоа» футбол клубының бас бапкері қызметіне тағайындалды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.
Бұған дейін украиналық маманның италиялық клубпен 2024 жылға дейін келісімшартқа отыратыны хабарланған болатын. Шевченко жаңа жұмысында жылына 2 миллион еуро жалақы алады. Ал Мауро Тассотти оның көмекшісі болып тағайындалды.
Еске салайық, «Дженоаны» бұған дейін Давиде Баллардини жаттықтырған болатын. Дәл қазір «Дженоа» 12 кездесуде 9 ұпай жинап, Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 15-ші орында тұр.