Түлкібастықтар 26 тоннаға жуық алма жинады
Түлкібастықтар 26 тоннаға жуық алма жинады
608
оқылды

Несібесін алма өсіруден тауып жүрген 76 агроқұрылым шаруалары үшін ауданда 12500 тоннаны құрайтын 7 жеміс-жидек қоймасы жұмыс істейді және бұл Түлкібастың брендін жылдың төрт мезгілінде қолжетімді бағада елге ұсынуға мүмкіндік береді.

Ежелгі Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Түлкібас жері ғасыр бойы дәмді алмасымен талайларды тамсандырып келе жатқан алма  өсіруге өте ыңғайлы аймақ болып саналады. Тау бөктерінде жайқалған жабайы алмасын айтпағанда, мұнда бағбандар алманың түрлі соттарын баптап өсіріп, ел игілігіне жаратып жүр. Күре жолдың бойында қысы-жазы қаз-қатар алма сатып тұрған сөрелерімен жұртты тәнті ететін Түлкібастың алмасын ары-бері зулап өтіп жатқан жолаушылардың көбі тоқтап, алма саудасының көрігін қыздырып жатады.    width= Айта кету керек, Түлкібас ауданында қазіргі таңда 76  агроқұрылым алма бағын өсірумен айналысады. Шаруа қожалықтардың басым бөлігі халық арасында көп сұранысқа ие «Гала», «Фуджи», «Голден делишес», «Стар Кримсон», «Легалина»,«Айдарет» сынды алма сұрыптарын өсіреді. Өткен жылы Түлкібаста алма өсірумен айналысатын шаруалар 33 мың тоннадан астам алма жинап рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ал биыл олар  25 мың 600 тонна алма жинап отыр.    width= Бүгінгі күнде Түлкібас ауданында 3077 га алма бау алқабы бар. Оның ішінде 2218 гектарына 2007 жылдан кейін көшет отырғызылған. Яғни, жас баулар.  Сонымен қатар ауданда аз жерден мол  өнім алуға  (1 га жерде 2000 дана көшеттен аса будандастырылған алма ағаштары) бейімделген қарқынды бау шаруашылықтары дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда қарқынды алма бау көлемі 300 гектардан асады.

Айта кетейік, аудан аумағында қыс мезгілінде алма сақтайтын сыйымдылығы 12500 тоннаны құрайтын 7 жеміс-жидек  қоймасы жұмыс істейді. Бұл қоймалар Түлкібастың брендін жылдың төрт мезгілінде қолжетімді бағада елге ұсынуға мүмкіндік береді.