Үш көлікке тиесілі бір құжат
Үш көлікке тиесілі бір құжат
304
оқылды

“Естімеген елде көп” дегендей, Атырауда Ресейден әкелінген көлік құжатының 3 көлікке тиесілі екендігі анықталды.

– Атырау облысы аумағында 8-17 қараша аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның алғашқы күнінде сағат 17:00 шамасында Ақтау-Атырау тас жолында патрульдік полициясы қызметкерлері жылдамдықты асырғаны үшін маркасы Toyota Ipsum Ресей автокөлігін тоқтатып, әкімшілік хаттама толтырды. Автокөліктің құжаттарын тексерген кезде автокөліктің тіркеу белгісімен маркасы сәйкес келмейтіні анықталған. Яғни, аталған мемлекеттік белгі маркасы Nissan Fuga және маркасы «Маз» автокөліктеріне тіркелгені анықталды. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 386-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, – деді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Берік Амангелді.

Бұған дейін шетелдік көліктер мәселесі шешілмегенін жазған болатынбыз.