Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі елордада өтеді
Күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі елордада өтеді
585
оқылды

Күрес түрлерінен 2021 жылғы Қазақстан біріншілігінің өтетін уақыты анықталды. Ұлттық чемпионат 7-12 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтандағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

18 жасқа толмаған спортшылар UWW ережесі бойынша дәрігердің медициналық анықтамасы және ата-анасының қолхаты арқылы жарысқа қатысады.

Турнирді алдымен еркін күрес шеберлері бастайды. Кейін әйелдер күресінен жеңімпаздар анықталса, грек-рим күресінің өкілдерін чемпионат шымылдығын жабады.