Елордадағы сауда орталығында болған төбелес: күдікті ұсталды
Елордадағы сауда орталығында болған төбелес: күдікті ұсталды
375
оқылды

Нұр-Сұлтан полицейлері сауда орталығында жігітті ұрып-соқты деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 31 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ол бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Бұл дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.
Сауда орталығының маңында полицияны шұғыл шақыру үшін терминал орнатылғаны белгілі, тәулік бойы патрульдеу жүргізіледі. Сонымен қатар, полицейлер азаматтарға зорлық-зомбылық көрсеткені, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Осындай іс-әрекеттер туындаған жағдайда, дереу полицияға немесе 102-ге жүгіну қажет екенін еске салады. Еске салайық, 9 қараша күні сағат 21.30 шамасында 102-ге Достық көшесіндегі "Керуен" сауда орталығында төбелес болғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Полиция қызметкерлері 17 жастағы екі қыздың танысуды өтініп, жігіттердің келгенін, оған кәмелетке толмағандардың бірі жақын маңда досымен жүрген 19 жастағы ағасын шақырғанын анықтады. Келген бойда жастардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан.