Швеция құрамасының шабуылшысы Златан Ибрагимович италиялық «Милан» футбол клубымен келісімшартын тағы бір жылға ұзартады. Бұл туралы La Gazzetta dello Sport басылымы хабарлады.
Келіссөздер қысқы трансферлік маусымнан кейін жүргізіледі.
Еске сала кетейік, Ибрагимович 2010-2012 жылдары «Милан» сапында 61 ойында 42 голды өз еншісіне жазған. 2020 жылы италиялық ұжымға қайта келген 40 жастағы швециялық шабуылшы бүгінге дейін алаңға 43 рет шығып, 28 рет нысананы дәл көздеді. Ол спорттық мансабында «Миланнан» өзге «Мальме», «Аякс», «Ювентус», «Интер», «Барселона», «ПСЖ», «Манчестер Юнайтед» және «Лос-Анджелес Гэлакси» командаларында да өнер көрсеткен.