19 қарашада Қарағанды қаласының ПБ оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны арызданған.
Жәбірленуші ер адам белгісіз біреу трансформаторды ұрлап кеткеніне шағымданды. Келтірілген шығын көлемі – 500 мың теңге. Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полицейлер күдікті 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақ зат тәркіленді. Тергеу жүргізіліп жатыр.