Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы қандай вакцина тиімді екенін айтты – видео
Жандарбек Бекшин коронавирусқа қарсы қандай вакцина тиімді екенін айтты – видео
Фото: exclusive.kz
344
оқылды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қолданыстағы коронавирусқа қарсы вакциналардың тиімді екенін, ревакцинацияға жарайтынын айтты. Бұл туралы Жандарбек Бекшин Facebook-те видео жарияланды.

«Коронавирусқа қарсы екпе алған 980 мыңнан астам азаматтың 3239-ы қайта ауырды. Вакцинаның 2 компонентін алғаннан кейін Алматыда коронавируспен тұрғындардың «Спутник V» – 0,37 пайыз, SinaVak – 0,19 пайыз, QazCovid-in салдырғаннан кейін (Qazvaс) 0,17 пайызы ауырған», – деді Бекшин.

Оның ішінде QazCovid-in екпесін салдырғандар арасында ауруханаға түскен жайттар басқа вакциналармен салыстырғанда айтарлықтай аз екені байқалған.   Жандарбек Бекшин ауру саны азайса да, санитарлық талаптарды сақтау керектігін де айтты.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Еуропаға баруға ақша тапқан адам вакцина сатып алуға да табатын шығар" деген болатын.