Өзбекстанда мұғалімдерді газетке жазылуға мәжбүрлеп жатыр
Өзбекстанда мұғалімдерді газетке жазылуға мәжбүрлеп жатыр
©https://www.azattyq.org/
454
оқылды

Өзбекстанда президент тыйымына қарамастан мұғалімдерді газет-журналға мәжбүрлеп жаздырып жатыр. Бұл жайлы Азаттық хабарлады.

Олардың сөзінше, кейбір аймақта мектеп директорлары өздері ұйымдастырып отырғанын мойындап,  қолхат жазған. Мысалы, Сырдария облысы Сардоба ауданындағы №13 мектептің директоры хатында былай деп жазған: "Маърифат кўзгуси", "Янги Сирдарё", "Халқ сўзи", "Янги Ўзбекистон", "Маънавий ҳаёт" секілді ондаған басылымға жазылуды ұйымдастыруды мойныма аламын". Ол хаттың көшірмесін де жариялаған.

Тіпті, кейбір директорлар тапсырманы орындамағандарды жұмыстан шығаратынын айтқан. Оның ішінде, Қашқадария облысы Китаб ауданындағы мектеп директоры бар.

Естеріңізге, салсақ, Өзбекстан президенті 2018 жылғы 14 тамызда жарлық шығарған болатын. Онда мемлекет басшысы мұғалімдерді мерзімді басылымдарға жазылуға мәжбүрлеуге тыйым салған. Алайда өзбек шенеуніктері мұны мұғалімдер "өз еркімен" жазылды деп көрсетуде. Қазір Өзбекстанда 1200-ден астам газет пен журнал шығады.