Биыл тұрғындар қанша рет жедел жәрдем шақырды?
Биыл тұрғындар қанша рет жедел жәрдем шақырды?
Фото: nur.kz
205
оқылды

ДСМ Ұлттық жедел медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының орынбасары Ғұмырбек Ағыбаевтың айтуынша, жыл сайын жедел жәрдемге 8 миллионға дейін шақырту түседі.

Оның айтуынша, республика бойынша жедел жәрдемнің 18 дербес станция, 130 қалалық қосалқы станция және 284 аудандық бөлімшесі бар. Облыстық және қалалық станцияларда бір ауысымда 1486 көшпелі жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді. Оның ішінде, 290 – мамандандырылған (дәрігерлік), 1196 – фельдшерлік. Қалалық бөлімшелерде 911 бригада, аудандық бөлімшелерде 576 бригада жұмыс істейді. Биыл 11 айда кешігіп орындалған шақырулардың үлесі – 4,3%. Жедел жәрдем станцияларының қажетті құралдармен жабдықталуы – 97%. Жалпы, 2 287 санитарлық автокөлік бар, оның 1 410-ы қалада, 877-і ауылда. Биыл 336 жаңа көлік сатып алынды. Жедел медициналық көмек алу үшін 7 603 040 шақырту түскен.

Бұған дейін жедел жәрдем дәрігерлерінің жалақысы, науқастардың туыстарынан жапа шеккені туралы жазған болатынбыз.