Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа енді
Нұр-Сұлтан «сары» аймаққа енді
©old.aqmeshit-aptalygy.kz
519
оқылды

4 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

Ешбір өңір «қызыл» аймақта жоқ. Ал «сары» аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы. Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары – «жасыл» аймақта. Сонымен қатар бүгін 16 631 адам коронавирустан емделуде, оның ішінде 2 153 пациент стационарда жатыр. Ал 14 478 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 199 адамның жағдайы ауыр, 65 пациенттің жағдайы өте ауыр, 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.