Ақтауда ер адамның мәйіті табылды
Ақтауда ер адамның мәйіті табылды
©kznews.kz
645
оқылды

Бұл жайында Lada.kz хабарлады. Олардың хабарлауынша, куәгерлер 32В шағын ауданында, “Шаңырақ” тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылғанын айтқан.

“Бәлкім, біреулер танитиын шығар немесе іздеп жатқан болар”, – дейді куәгерлер. Ал полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні табылған. "1972 жылғы ер адамның мәйітінде зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. Қазір аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, – деді полицейлер.