Алматыдағы жағдай: ғимараттардың терезесі сынған, көліктер өртенген
Алматыдағы жағдай: ғимараттардың терезесі сынған, көліктер өртенген
©tengrinews.kz
353
оқылды

Алматыдағы ереуіл кезінде ондаған көлік өртеніп, дүкеннің терезелері шағылды.

[caption id="attachment_178291" align="alignnone" width="526"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Әзірге әкімдік келтірілген шығын туралы нақты мәлімет бере алмай отыр. Бірақ оқиға куәгерлерінен келген суреттер мен видеоларды Tengrinews.kz жариялады. [caption id="attachment_178292" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Белгісіз біреулер дүкендер мен банк бөлімшелерінің терезесін сындырмақ болған. [caption id="attachment_178293" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Куәгерлердің айтуынша, қала орталығындағы көптеген азық-түлік дүкендері жабық. [caption id="attachment_178294" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Куәгерлер сағат 13.30-да Назарбаев даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысы мен қалалық полиция бөлімшесінің маңында жарылыс дыбысын естігенін айтады. [caption id="attachment_178295" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Ал "Алматы Арена" маңына жиналған бірнеше жүз адам лауазымды тұлғалардың отставкаға кетуін, кредитті кешіруді және тауарлардың бағасын төмендетуді талап етуде. [caption id="attachment_178298" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Сонымен қатар қаладағы Төле би даңғылында орналасқан Nur Otan партиясының Әуезов аудандық филиалы өртеніп жатыр. [caption id="attachment_178301" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Алты қабатты ғимараттың бірінші және екінші қабатындағы терезелер толығымен сынған. Ғимаратқа тас атылғаны анық көрініп тұр. Сыртта шыны шашылып жатыр. Қабырғасын да бүлдіріп кеткен. [caption id="attachment_178303" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Қазіргі кезде екінші-үшінші қабаттан қалың түтін шығып жатыр. Бірақ оттың жалыны көрінбейді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер де, полиция да көрінбейді. [caption id="attachment_178304" align="alignnone" width="740"]Алматы tengrinews.kz[/caption] Наразылық білдірушілер жолдарды жауып, ешкімді өткізбеген. Сөйтіп, ереуілшілер жедел жәрдем көлігін тартып алып, дауыс зорайтқыш арқылы қазақстандықтарды өздеріне қосылуға шақырды. Олардың көпшілігінің қолында таяқ пен тас, сонымен қатар СОБР қалқандары бар. [caption id="attachment_178308" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Енді бір топ Төле би мен Өтеген батыр көшелерінің қиылысындағы трамвай рельстерімен жолды жауып тастады. [caption id="attachment_178311" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Қала әкімдігіне шабуыл жасалды. Әкімдікті қоршауға алған 1 500-дей полиция қызметкерін үш мыңға жуық ер адам қоршады. Полицейлердің қалқандар мен каскаларын тартып алған. [caption id="attachment_178313" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы мәліметінше, емдеу мекемелеріне 190 адам жүгінген, оның 150-і жедел жәрдем және 40-ы өз өтініші бойынша түскендер. [caption id="attachment_178314" align="alignnone" width="740"]Алматы ©tengrinews.kz[/caption] "40 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 7 зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның ішінде 4 полиция қызметкері бар. Зардап шеккендер арсында 137 полиция қызметкері және 53 тұрғын бар", - делінген хабарламада.