«Қазақтелекомға» шабуыл жасалған
«Қазақтелекомға» шабуыл жасалған
317
оқылды
Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде бүлікшілер телекоммуникациялық нысандарды да басып алуға әрекет жасаған. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақтелеком» компаниялар тобының басшысы Қуанышбек Есекеев жазды. Оның айтуынша, содырлар Алматыда және басқа қалаларда орналасқан кеңсе­лерге бұқаралық коммуникация құралдарын тартып алу үшін шабуыл жасады. Алайда оларға компания қызмет­керлері тойтарыс беріп, байланыс жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. Қарақшылық шабуыл Ал­ма­тыдағы технологиялық ғи­ма­ратқа, Алматы және Талды­қорғандағы «Алматытелеком» өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының ғимарат­тарына, Алматы, Талды­қор­ған, Ақтөбе және Шымкент қалаларындағы KCell және Tele2 кеңселеріне жасалған. «Оқиға кезінде ұялы бай­ла­ныстың 50-ден аса базалық стансасына зақым келген.  Оларды қалпына келтіру жұ­мыс­тары жүргізіліп жатыр. Лаңкестердің компаниялар тобына келтірген шығынын бағалау 1 миллиард теңгеден асады. Kcell компаниясының Алматы мен Алматы облысын­дағы 6 дүкенін тонап кеткен. Сонымен қатар компанияның екі үлкен кеңсесіне де шабуыл жасалды», – дейді Қуанышбек Есекеев.