Дикий Арманның келіншегі – қырғыз қызы
Дикий Арманның келіншегі – қырғыз қызы
1,463
оқылды

Қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиевтің келіншегі қырғыздың қызы екен. Есімі – Айкөл Аликжанова. Өзі «Қырғызстан аруы – 2014» атанған. Бүгінде ол өз елінде танымал тұлға.

Сұлулық байқауындағы жеңістен кейін Айкөл БАҚ назарынан тыс қалған жоқ. Ол жарнамамен айналысты. Зергерлік бұйымның брендін жарнамалап, оның танылуына көмектесті. Ал екі жылдан кейін Айкөл хиджаб киіп, мұсылман әйелдерге арналған киімнің дизайнері атанды. Оның осы салада жолы болды. Өз брендін шығарып қана қоймай, Бішкек пен Алматының сауда орындарында дүкендерін ашты. Қырғыз басылымдары Арман мен Айкөлдің қай кезде үйленгенін анықтай алмады. Бірақ екеуі бір қыз өсіріп отырғаны белгілі. Ол туралы Арман Instagram парақшасында хабарлаған болатын. Дикий Арман Еске салсақ, Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталған болатын. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі.