Тамақтың 5 айлық қоры бар
Тамақтың 5 айлық қоры бар
1,016
оқылды
Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының 5 айлық қоры құрылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда ко­митетінің төрағасы Ержан Қазанбаев хабарлады. Оның айтуынша, соңғы 2 жылда бүкіл әлемде азық-түлік бағасы өсті. 2020-2021 жылдары COVID-19 салдарынан тасымал-логистика күр­де­ленді. Бұған қоса, көптеген елді құрғақшылық жайлады. «Қазақстан да бұдан тыс қалған жоқ. Бүгінгі басты міндет – бағаның күрт көтерілуіне жол бермеу. Бұл бағытта министрлік орталық меморгандармен және әкімдіктермен бірлесіп, жұмыс жүргізуде. Біріншіден, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерімен қамту және олардың бағасын қолжетімді ету жұмысы жалға­сады. Егіс алқаптарын және әлеуметтік маңызды тауарларды өндіруге пайдаланылатын басым дақылдар өндірісін ұлғайту жос­парланған», – деді ол. Қазір елімізде негізгі азық-түлік тауарларының 5 айлық қоры қалыптастырылды. Тұтынушы үшін бағаны төмендету мақса­тында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін 15-тен 10%-ға дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, жергілікті бюджет есебінен тұрақтандыру қорларын қаржы­ландыруды және сауда желілерін кредиттеуді 140 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланған (бұған дейін 70 млрд теңге бөлінді). Екіншіден, маусымаралық кезеңде Орталық Азия елдерінен ерте пісетін импорттық жеміс-көкөніс өнімдерін форвардтық сатып алуды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.