Ақтөбе облысында үйінен қару табылған шаруаға 4 млн теңге айыппұл салынды
Ақтөбе облысында үйінен қару табылған шаруаға 4 млн теңге айыппұл салынды
Сурет: Mariakray
250
оқылды

Ақтөбеде жатын бөлмесіндегі кереует астында патрондары бар карабин жасырып қойған фермер 4 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарғалы ауданының 63 жастағы тұрғыны марқұм әкесінің үйінің шатырында қажетті құрал-сайман іздеп жүріп, аңшылық карабин мен қырық шақты оқ тауып алған. Ол қаруды үйіне әкеліп, жатын бөлмесіндегі кереует астына тығып қойған.
«Кейін оның үйіне экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері келіп, қаруды тауып алған. Шаруаның өзі қару-жарақтың құжатын іздестіріп көргенін, бірақ таппағанын, сондықтан оны полицияға өткізбек ойы болғанын түсіндірді. Алайда артынша егін жинау науқаны басталып кеткендіктен, төсек астындағы қаруды мүлдем ұмытып кеткен екен», деп жазады «Диапазон» басылымы.
Қазіргі таңда шаруаға қатысты «Қару мен оқ-дәріні заңсыз сақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оған 4 миллион 375 мың теңге айыппұл салды. Егер ол айыппұлды белгіленген мерзімде төлемесе, онда бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.