Бейжіңде мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс Абай өлеңінің әуеніне сырғанады. Бұл туралы журналист Руслан Меделбек Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Бейжіңде Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасы» шырқады. Латвиялық мәнерлеп сырғанаушы Денис Васильевс (Deniss VASILJEVS) қысқа бағдарламасын Абайдың «Айттым сәлем, қаламқасынан» бастады. Бұл - қазақ композиторы Марат Бейсенғалиев пен британиялық Карл Дженкинстің Sarakiz II: Romanza композициясынан үзінді», – деп жазды Руслан Меделбек.