«Қабір азабын тартып жатыр ма?» – Жамбылда қорым басынан шыққан дауыс жұрттың зәресін алуда
«Қабір азабын тартып жатыр ма?» – Жамбылда қорым басынан шыққан дауыс жұрттың зәресін алуда
©А.Ахметқазы
1,705
оқылды
Жамбыл облысындағы қорымдардың бірінен түсірілген видео тұрғындардың төбе шашын тік тұрғызды. Желіде желдей ескен бейнежазбада мола ішінен адамның айқайлаған даусына ұқсайтын дыбысты естуге болады. Видеоны түсіріп тұрған екі адам: «Естіле ме, тыңдаңызшы, бір дауыс шығады, Астаһфиралла», – деп таңданады. Өз құлағына өзі сенбей дауысты телефонға түсіріп алған видео авторы оны желіге жүктегеннен кейін көпшілік тарапынан түрлі пікірлер айтылды. Біреулер видео қолдан жасалған десе, енді екіншілер дауысты жүйткіп соққан желден көрді. Тағы бір топ «Бұл қабір азабын тартып жатқан адамның дауысы болуы мүмкін» деген болжамын жасады. Жұрттың зәресін алған видео Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылы маңындағы молада түсірілгені айтылуда. Осыған байланысты біз жергілікті билікке хабарласып едік, ондағылар елдімекенде видеодағы молаға ұқсайтын қорым барын растады. Алайда ауыл ағайындары мола басынан дауыс шығады дегенді естімепті. «Бәлкім молалар ретсіз орналасқандықтан желдің дауысымен түрлі дыбыс шығып жатқан шығар», – дейді ауыл тұрғындары. https://youtu.be/iuqBgjPz2bw   Жалпы мұндай дауыс түсірілген видеолар еліміздің өзге өңірлерінде де тараған болатын. Алайда ол қандай және қалай шығып жатқан дыбыс екенін ешкім тап басып айта алмаған. Жамбылдағы қорым басындағы дауыс та жұмбақ күйі қалатын секілді...