Коронавирус және пневмониядан 20 адам көз жұмды
Коронавирус және пневмониядан 20 адам көз жұмды
225
оқылды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тағы 20 адам қайтыс болды. Олардың 17-сі коронавируспен, 3-еуі пневмониямен ауырған. 

12 ақпандағы мәлімет бойынша, 62 801 адам коронавирус инфекциясынан (61 600 КВИ+ және 1 201 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  • 7 653 пациент стационарда;
  • 55 148 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 364 адамның жағдайы ауыр;
  • 144 пациенттің жағдайы өте ауыр;
  • 102 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
2022 жылдың 12 ақпанындағы мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 9 289 074 адам вакциналанса, II компонентпен 8 865 941 адам.