Қаңтар оқиғасында көлігі өртенген Төреғали Төрәлінің әкесі жаңа Lexus-ке мінді
Қаңтар оқиғасында көлігі өртенген Төреғали Төрәлінің әкесі жаңа Lexus-ке мінді
552
оқылды

«Қаңтар оқиғасы» кезінде Алматы әуежайының күл талқаны шыққан еді. Арандатушылар, мародерлар әуежай ғимаратын басып алып, ондағы мүлікті тонап, қиратқан болатын. Тіпті, әуежайдың тұрағында тұрған бірқатар қымбат көліктерді өртеп жіберген. Сол көліктердің бірі – Төреғали Төрәлінің әкесі Төреәлі Төлеповтікі. Бұл жайында танымал әншінің өзі жария етті.

– Қаңтардағы қақтығыс кезінде әкемнің көлігі әуежайда қалған. Аласапыран болып жатқанда біз Әзербайжан елінде едік. Көлігі өртеніп кетсе де, көңілі елді ойлап алаң болған еді. Сонда «дүние жүрегіне кірмеген екен ғой» деп қуанғанмын. Енді міне, күйеу баласы Дархан көлік сыйлап  жатыр, – дейді Төреғали Төреәлі. Көліктің маркасы – Lexus 570, түсі – қара. Оның айтуынша, бұған дейін әкесі күйеу баласына «кіші қажылыққа барып келіңдер» деп Умраға жолдама сыйлаған. Төреғали Төрәлі Дархан – Фариза Төреәлінің күйеуі. Бір сөзбен айтқанда, ол әнші Төреғали Төрәлінің күйеу баласы. Қазір ерлі-зайыптылар Америкада тұрып жатыр. – Алла Тағалам әкеме адалынан күйеу бала нәсіп етіпті, шүкір! Бұл идея Дархандікі еді, жан-жарым сізге ерекше алғыс айтамын. Қаншама еңбегіміз, ұйқысыз түндер – өз нәтижесін беруде, ең бастысы ата-ана разылығы! Жақында ғана ата-енеме коттедж сыйлаған едік, енді міне әкеме адал еңбегімізбен көлік сыйлап жатырмыз. Армандарым орындалып жатыр, сансыз мадақ!» – деп бөлісті Фариза.