Ракпаров та жүлдесіз қалды
Ракпаров та жүлдесіз қалды
402
оқылды
Бейжің Олимпиадасында ерлер арасында шаңғы қос­сайысынан мықтылар анық­талды. Өкінішке қарай, шаңғы қос­сайысының екінші кезеңінде гундерсен жүйесі бойынша сынға түскен отандасымыз Шыңғыс Ракпаров мәре сызығын жеңім­пазға 7:35,2 есебімен есе жіберіп, мәре сызы­ғын қырық үшінші болып кесті.  Бұл сайыста нор­вегиялық  Йорген Нюландтың бағы жанды. Күміс жүлде де Йоргеннің отандасы Йенс Лурос Офтебруға бұйырды. Үздік үштікті жапон спортшысы Акито Ватабе түйіндеді. Айта кету керек, жарыстың бірінші бөлігіндегі К-125 үлкен трамплинмен секіру сайысында Шыңғыс Рақпаров 69,6 ұпаймен  38-орынға  табан тіреген.