Павлодарда көше тазалайтын жүк көлігінің жүргізушісі көз жұмды. 48 жастағы ер адам Орталық стадион маңындағы Толстой көшесінде жұмыс істеп жатқан. Бұл туралы pavlodarnews.kz жазды.
Жедел жәрдем оқиға орнына 6 минутта жеткен.«Өкінішке қарай, дәрігерлер ер адамды ажалдан аман алып қала алмады», – деді Денсаулық сақтау департаментінің өкілі.Оқиғаның мән-жайы тергеуден соң анықталады.