Қазақстандағы №29 бай - «Атамекен» төрағасы Баталов туралы не білеміз?
Қазақстандағы №29 бай - «Атамекен» төрағасы Баталов туралы не білеміз?
Райымбек Баталов
1,220
оқылды

Raimbek Bottlers Group АҚ иесі және директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болып сайланды. Райымбек Баталов кім, оның қандай бизнестері бар?

Райымбек Баталов Raimbek Bottlers Group-тің 72,7% акциясына иелік етеді. Қалғаны басқа 3 акционерге тиесілі: "Инвест Анализ" ЖШС (12,2%), Римма Полухина (6,75%) және Ерлан Шинтуринов (8,25%). Ол кәсібін 1992 жылы Сингапур, Жапония, Италия, Швейцария және Гонконг елдерінен тұрмыстық техника тауарларының көтерме және бөлшек саудасынан бастаған. Сөйтіп "Райымбек" шағын коммерциялық фирмасын құрған. Бейресми дереккөздердің хабарлауынша, Райымбек Баталов 1990 жылдардың басында  Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және басқа да қазақстандық кәсіпкерлерімен бірге АҚШ-қа тәжірибе алмасуға барған. Ол кезде Баталовтың меншігінде тек жанармай құю бекеті болған. Бірақ оны америкалықтарға мұнай өңдеуші ретінде таныстырған. 1998 жылы шырын өндіретін Raimbek Bottlers, 2000 жылы алкоголь ішімдігін шығаратын RaimbekAlco, 2001 жылы сүт өндіретін RaimbekAgro компаниясын құрған. Кейін бәрі бірігіп Raimbek Group холдингін құрған. Құрамына City Fair Trade ltd, Raimbek-Grain&Co, Raimbek ILM компаниялары да кіреді. City Fair Trade компаниясы Қазақстанға Borjomi минерал суын ресми импорттайды. Raimbek-Group холдингінің атауы былтыр Raimbek Bottlers Group АҚ болып өзгерді. Холдинг 2020 жылы 75 млн теңге табыс тапқан.  Райымбек Баталов 2012 жылдан бері, 42 жасынан бастап Қазақстанның ең бай 50 адамының рейтингінен түспеген. [caption id="attachment_184560" align="aligncenter" width="1200"]Райымбек Баталов Фото: Inbusiness.kz[/caption] Әкесі Әнуар Баталовтың жылжымайтын мүлікті жалға беретін бизнесі бар. Statsnet.co мәліметінше, Райымбек Баталовтың ұлы Анвар Баталов қонақүй, мейрамхана бизнесімен айналысады.Ол hommes.kz сайтына бизнесі туралы сұхбат берген. Ондағы дерек бойынша, қазір Испанияда тұрады, Барселонада Sana Vida мейрамханасын ашқан. Інісі Таир Баталов астық нарығында табысқа жеткен кәсіпкер ретінде Қазақстанның «100 жаңа есіміне» кірген. [caption id="attachment_184548" align="alignleft" width="199"]Райымбек Баталовтың анасы Элеонора Баталова Райымбек Баталовтың анасы Элеонора Баталова[/caption] 2020 жылғы дерек бойынша, астық жинау және сақтаумен айналысатын Raimbek-Grain&Co компаниясының 65% акциясына анасы Элеонора Баталова, 35% акциясына інісі Таир Баталов иелік етеді. Компания 1997 жылы құрылған. Statsnet.co дерегінше, компания 2021 жылы 1 млрд теңге, 2015 жылдан бері жыл сайын 2 млрд теңгеге жуық табыс тапқан. Ал анасы Элеонора Баталова – «Алматыкітап баспасы» директорлар кеңесінің төрайымы, ҚР Баспа және полиграфия ісінің еңбек сіңірген қайраткері. Райымбек Баталов "Рахат-Лукум" тобының әншісі Ленара Баталоваға (Абибулаева) үйленген. Ол екінші әйелінен 14 жасқа үлкен. [caption id="attachment_184556" align="aligncenter" width="656"]Райымбек Баталов пен Ленара Баталова (Абибулаева) Райымбек Баталов пен Ленара Баталова (Абибулаева). Фото: Svitnov.com[/caption] Райымбек Баталовтың қызы Анель Баталова "All давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлына тұрмысқа шыққан. [caption id="attachment_184559" align="aligncenter" width="1200"]Райымбек Баталов қызы Анель Баталовамен Райымбек Баталов қызы Анель Баталовамен. Фото: Рandaland.kz[/caption] Сонымен бірге Райымбек Баталов 2015 жылдан бастап ENACTUS Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, 2017 жылдан бастап Азия велоспорт конфедерациясының вице-президенті, 2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі, «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасының міндетін атқарушы болды. Басқа да қоғамдық жұмыстары туралы мына сілтемеден оқи аласыз.