«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райы құбылмалы болады.
Қар жауып жаяу бұрқасын соғады. Батыста қар аралас жаңбыр жауады. Көктайғақ күтіледі.
Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және шығысында антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз солтүстігінде – көктайғақ, батысында, оңтүстігінде – тұман, солтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде шығысында, күндіз облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстік-батысында тұман, солтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, жел 18 м/с күшейеді, күндіз көктайғақ болады.
Қостанай облысының шығысында жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман болуы ықтимал.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында, шығысында тұман, көктайғақ болады.
Атырау облысының солтүстігінде, батысында, орталығында, Маңғыстау, Қызылорда облысының солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.