Қазақстан Футбол Федерациясына жаңа басшы сайланды
Қазақстан Футбол Федерациясына жаңа басшы сайланды
474
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан футбол федерациясының конференциясы өтіп, онда федерацияның жаңа президенті сайланды. Сайлаушылардың 14 дауысына ие болған Әділет Барменқұлов бұдан былай федерацияны басқаратын болады. Ол 2018 жылдан бері осы қызметті атқарған Әділбек Жақсыбековті алмастырды. Ә.Барменқұлов бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Айта кетсек, федерация президенті лауазымына 5 адам үміткер болды: Давид Лория, Әділет Барменқұлов, Берік Қаниев, Қайрат Оразбеков және Ерлан Жарылқасынов. Дауыс беру процесіне «Қазақстан футбол федерациясы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінен делегаттар, сондай-ақ ҚФФ атқарушы комитетінің мүшелері қатысты. Аталған шара барысында ФИФА және УЕФА өкілдері бақылаушы қызметін атқарды.