Партияны модернизациялау халыққа жақындаудың төте жолы – Сәлімжан Нақпаев
Партияны модернизациялау халыққа жақындаудың төте жолы – Сәлімжан Нақпаев
743
оқылды
Бүгін, 1 наурызда «Nur Otan» (қазіргі атауы – Аманат) партиясының кезектен тыс ХХІІ съезі өтті. Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланып, партия атауы «Аманат» болып өзгертілді. Осыған орай, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты – Сәлімжан Жұмашұлы Нақпаев өз пікірін  айтты.
– Бүгін еліміз үшін саяси жаңалыққа толы күн болды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде алдағы өзгерістерді жүйелі түрде жүзеге асыру үшін қандай бағдарламалар жасау керек, модернизация бағдарламасы қандай пункттерден тұруы керегі жайлы талқылаулар болды. Сөйтіп, партия 7 пункттен тұратын модернизациялау бағдарламасын қабылдады. Президент Қ.К. Тоқаевтың да, партия мүшелерінің де айтқанына толықтай қосыламын. Олар халыққа жақын болу, әлеуметтік мәселені шешу кезінде халықпен бірге болуды бағдарламаның түпкі мақсаты ретінде атап өтті. Содан кейін, Мәжіліс спикері Ерлан Жақанұлы Қошанов «Аманат» деген атауды ұсынды. Президент ұсынысты жақсы қабылдады. Аманат дейтін жалпы қазақтың қадірлі, қасиетті ұғымы. Елімізді ата-бабамыздан аманат етіп қабылдап алдық, енді шашауын шығармай, аман-есен өркениетті күйінде келесі ұрпаққа табыстауымыз керек, аманат қылуымыз керек. Президент те осылай пікір білдірді және осы жұмыстың барлығын атқаратын органдардың ішінде осы «Аманат» партиясы да болады деп атап өтті, – деді Сәлімжан Жұмашұлы.