Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші раунды аяқталды
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші раунды аяқталды
357
оқылды

Ресей мен Украинаның Брест аймағындағы келіссөздері аяқталды. Бұл туралы Минскідегі Ресей елшілігінің Telegram-каналында айтылған.

"Беларусьтегі Ресей-Украина келіссөздерінің үшінші раунды аяқталды. Келіссөздер шамамен үш сағатқа созылды", – делінген хабарламада.
Әзірге нақты ештеңе белгісіз, бірақ Зеленский кеңсесі басшысының кеңесшісі гуманитарлық дәліздер мәселесінде оң өзгерістер бар екенін айтты. Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздің бірінші раунды 28 ақпанда Беларусь аумағында өткен.  РФ Президентінің көмекшісі, Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский Украина тарапымен болған келіссөздердің екінші кезеңінің нәтижесі бойынша бірқатар келісімге келгендерін айтқан еді.