Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында Юн Сук Ёл жеңіске жетті
Оңтүстік Кореядағы президент сайлауында Юн Сук Ёл жеңіске жетті
©adyrna.kz
232
оқылды

Бүгін Оңтүстік Корея халқы мемлекет басшысын сайлайды. Президентікке 10-нан астам үміткер қатысты. Ал негізгі күрес, екі саясаткер арасында өрбіген болатын. Нәтижесінде, оппозициялық «Азаматтық күш» партиясының кандидаты және бұрынғы бас прокурор Юн Сок Ёлға халықтың басым бөлігі дауыс берген. Сөйтіп, Юн Сок Ёл Оңтүстік Кореяның жаңа президенті болып сайланды.

– Қолымнан келгеннің бәрін істеп, бар күшімді салдым. Дегенмен сіздердің үміттеріңізді ақтай алмадым. Сол себепті де бүкіл жауапкершілік менің мойнымда. Кандидат Юн Сок Ёлды жеңісімен құттықтаймын, –деді  ​​Демократиялық партияның кандидаты Ли Чжэ Мён. Әзірге берілген дауыстың 98 пайызы саналды. Юн Сук Ёл – 48,59%, Ли Джэ Мён 47,79% дауыс жинады. Енді Юн Сок Ёл бұрынғы президент Мун Чжэ Инді ауыстырады.