Путин Украинамен келіссөздерде оң нәтиже бар екенін айтты
Путин Украинамен келіссөздерде оң нәтиже бар екенін айтты
© РИА «Новости»
336
оқылды
Ресей президенті Владимир Путин Украинамен келіссөздерде белгілі бір оң нәтиже бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлады  РИА НОВОСТИ.
"Мен Украинадағы жағдайға қатысты сіздерге бәрін хабарлаймын, алдымен қазір күн сайын жүргізіліп жатқан келіссөздер қалай жүріп жатқанын айтамын. Келіссөздерде біздің тараптың адамдары жеткізгендей белгілі бір оң нәтиже бар. Мен бұл туралы толық айтып беремін", – деді Путин Мәскеуде Лукашенкомен кездесуде.
Ресей Украинаға әскери операциясын 24 ақпанда бастаған болатын.
Бұған дейін Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба Ресей соғысты тоқтату үшін не  талап еткенін айтқанын жазған болатынбыз.