Басына қан құйылды: Оралда эскалатормен көтеріліп келе жатқан ананың қолынан 9 айлық сәбиі құлап кеткен
Басына қан құйылды: Оралда эскалатормен көтеріліп келе жатқан ананың қолынан 9 айлық сәбиі құлап кеткен
©baigenews.kz
561
оқылды

Жантүршігерлік оқиға 13 наурыз күні сағат 14:23-те Оралдағы Asia Mall сауда орталығында болған. Эскалатормен көтеріліп келе жатқан ананың қолынан кішкентай сәбиі құлап кетті.

Бейнебақылау камераларына түскен видеоға қарағанда, әйел сауда орталықтың 1-қабатынан екінші қабатына эскалатормен көтеріліп бара жатқан. Сол қолына кішкентай сәбиін көтеріп алған. Ал екінші қолына тағы бір баласын ұстап алған. Соған бұрылып, еңкейе сөйлеп келе жатқанында арғы қолындағы нәресте құлап кетеді. Байқұс ана баласын ұстай алмай қалады. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір сәби хәл үстінде жансақтау бөлімінде жатыр.  Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің алған жарақаты өте көп. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, миы шайқалған және басына қан құйылған. Полиция істі тергеуде. https://www.youtube.com/watch?v=a9wrz-N9rRk&t=21s