Роман Скляр: Мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
Роман Скляр: Мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда
354
оқылды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен мемлекеттік органдардың нысандарын қалпына келтіру және кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. «Қаңтар оқиғасы кезінде еліміздің 8 облысында мемлекеттік органдардың 42 ғимараты зардап шекті. Бұл Алматы, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының қалалары. Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 30 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 28 млрд теңге республикалық бюджеттен 18 нысанды қалпына келтіруге жұмсалды. Барлық нысандарға техникалық байқау жүргізілді. Нәтижесінде 28 ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 14 ғимаратқа күрделі жөндеу және қайта құру қажеттілігі анықталды», – деді  Р. Скляр.