Роман Скляр: барлық ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді
Роман Скляр: барлық ШОБ субъектілеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді
Фото: Primeminister.kz
665
оқылды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Мәжілістің жалпы отырысында қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде  зардап шеккен барлық ШОБ субъектілеріне мемлекет тарапынан түрлі қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Роман Склярдың мәлімдеуінше, барлық шағын және орта бизнес субъектілері төмендегідей қолдауларға ие болды:
  • мемлекеттік мүлікті жалға алу төлемінен босату;
  • жеке және заңды тұлғалардың несие төлемдерін кейінге қалдыруды қамтамасыз ету;
  • қарыз алушыларға талап қою жұмыстарын және қарыз алушыны мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігін хабардар етуді тоқтата тұру;
  • салықтар мен алымдарды төлеу мерзімдерінің өзгеруі;
  • мемлекеттік кірістер органдары бастаған салық және кедендік тексерулерді тоқтата тұру және камералық тексерулерге хабарламалар бермеу.