125 мың доллар табыс тапты
125 мың доллар табыс тапты
360
оқылды
Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындары ресми түрде жабылды. Қазақстандық спортшылар аталған додада өнер көрсеткені үшін арнайы марапатталатын болды. Медальдар кестесінде Қазақстан Аустралия және Швейцариямен бірге 17-орынға жайғасты. Қытай командасы бірінші орында, украиналықтар екінші орында, ал Канада үздік үштікті түйіндеді. Әлемдік бәсекеде үздік көрсеткіш көрсеткен қазақстандық спортшылар үшін келесі төлемдер белгіленген болатын. Атап айтқанда, алтын медаль үшін – 250 мың доллар, «күміс» үшін – 150 мың доллар, «қола» үшін – 75 мың доллар, төртінші орын – 30 мың доллар, бесінші орын – 10 мың доллар, алтыншы болғаны үшін 5 мың доллар тағайындалды. Бейжіңде биатлоншы Александр Герлиц үздік көрсеткішке қол жеткізіп, қола медаль иеленді. Сонымен қатар жеке жарыстарда ол үш рет бесінші (екі рет – шаңғы жарысында, бір рет – биатлонда) болды. Бұдан бөлек, Қазақстан командалық шаңғы эстафетасында (Александр Герлиц, Ербол Хамитов) бесінші орын алды. Осылайша, жалпы алғанда қазақстандық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиадада 125 мың доллар табыс тапты.